Алматыда 2026 жылғы I тоқсандағы медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің қорытындылары шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында 2026 жылғы I тоқсандағы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қызметінің жұмыс қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдардың қатысуымен кеңес өтті.

Кеңеске Алматы қаласы халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау департаменті басшысының орынбасары Ниязбекова Р.С. төрағалық етті. Жиынға МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссияларының төрағалары қатысты.

Есепті кезеңдегі негізгі көрсеткіштер:

  • 5500 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
  • 1097 адамға алғаш рет мүгедектік белгіленді;
  • алғашқы мүгедектік деңгейі 0,4%-ға төмендеп, республикалық көрсеткіштен төмен болды;
  • 3987 адам қайта куәландырудан өтті;
  • толық оңалту көрсеткіші 3,0%-ға артып, республикалық деңгейден жоғары болды;
  • жартылай оңалту көрсеткіші төмендеді;
  • жағдайдың ауырлау деңгейі 4,2% құрады;
  • сырттай проактивті куәландыру үлесі 48%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артты.

Кеңес қорытындысы бойынша:

Медициналық ұйымдарға:

  • МӘС-ке жолдамалардың негізділігін күшейту;
  • куәландырудан өтпеген тұлғаларға мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1212733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді