
Қазақстанның жоғары оқу орындары кезең-кезеңімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты университеттер» атты халықаралық бастамасын енгізіп жатыр. Жобаның мақсаты – университеттерді тек білім мен ғылым орталығы ғана емес, сонымен қатар денсаулық пен әл-ауқаттың тірегіне айналдыру.
Студенттік кезең – жас адамдар өз бетінше шешім қабылдай бастайтын ерекше уақыт, оның ішінде денсаулыққа қатысты да. Сондықтан дәл осы шақта өмір бойы белсенділік пен өмір сапасын сақтауға көмектесетін дағдыларды қалыптастыру өте маңызды.
«Салауатты университеттер» жобасы мынадай кешенді бағдарламаларды қамтиды:
– спорттық инфрақұрылымды дамыту және дене шынықтырумен айналысу мүмкіндіктерін кеңейту;
– кампустарда дұрыс тамақтану жағдайларын жасау;
– темекі шегудің, алкоголь мен психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу;
– психикалық денсаулықты нығайту және күйзелісті басқару бағдарламалары;
– қоғамға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыратын еріктілік және экологиялық бастамаларды дамыту.
Әлеуметтік қолдау мен тең мүмкіндіктер мәселелеріне ерекше назар аударылады. Университеттер – әр студент пен қызметкердің денсаулығы бағаланатын, ал сенім мен өзара құрмет атмосферасы ұжымдық бірлікті нығайтатын ортаға айналады.
Мамандардың айтуынша, бұл жоба жоғары оқу орындарына студенттер мен оқытушылардың өмір сапасын арттыруға ғана емес, сонымен бірге жаңа буын мамандарын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Олар өз отбасына, еңбек ұжымына және бүкіл қоғамға салауатты өмір салтының құндылықтарын жеткізетін болады.
Осылайша, «Салауатты университеттер» – елдің болашағына салынған инвестиция: ол тек білікті мамандарды ғана емес, денсаулықты, даму мен әл-ауқатты басты құндылық ретінде ұстанатын жауапты азаматтарды дайындауға ықпал етеді.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен жобаға әдістемелік қолдау көрсетіп, басқа үйлестірушілермен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1212734?lang=kk

Жауап қалдыру