
Департаментте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде педагогикалық әдеп қағидаларын бұзу дерегі бойынша мектеп басшысының мәселесі қаралды. Кеңес барысында аталған жағдай жан-жақты талқыланып, тиісті шешім қабылданды.
Кеңес қорытындысы бойынша білім бөліміне педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау және олардың орындалуын күшейту жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
Бұл шаралар білім беру ұйымдарында кәсіби мәдениетті нығайтуға, педагогтардың жауапкершілігін арттыруға және әдеп нормаларын жүйелі түрде сақтауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe/press/news/details/1212639?lang=kk

Жауап қалдыру