Спорттық мамыр: Жетісу облысындағы ірі жарыстар күнтізбесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Спорттық мамыр: Жетісу облысындағы ірі жарыстар күнтізбесі

2026 жылдың мамыр айында Жетісу облысында 20-дан астам ірі спорттық іс-шара өтеді. Оған 6 мыңға жуық спортшы мен спорт әуесқойлары қатысады деп күтілуде.
Айдың басты оқиғаларының қатарында – Талдықорған қаласында өтетін көкпардан XXV Қазақстан чемпионаты, ауыр атлетика, армрестлинг, тоғызқұмалақтан ел біріншіліктері және садақ атудан ҚР Кубогы бар. «Сиверс алмасының гүлдеуі» фестивалі аясында қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық атудан жарыстар ұйымдастырылады. 9 мамыр күні облыс әкімінің кубогына арналған бәйге және бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтеді.
Балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөлінеді. Өңірде бокс, еркін және грек-рим күресінен республикалық турнирлер, сондай-ақ волейбол, баскетбол, велоспорт және жеңіл атлетикадан облыстық чемпионаттар өтеді.
Айта кетейік, соңғы үш жылда Жетісуда 39 спорт нысаны салынды. Соның нәтижесінде бүгінде өңірде жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге және спортты одан әрі дамытуға жағдай жасайтын заманауи инфрақұрылым қалыптасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1212638?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді