«Идеядан іске: сабақ жобалау арқылы сапаны арттыру» облыстық әдістемелік шеберханасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Аққулы ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 29 сәуір күні Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебінің базасында «Идеядан іске: сабақ жобалау арқылы сапаны арттыру» тақырыбында облыстық  әдістемелік шеберхана жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

         Іс-шараға білім беру бөлімінің басшысы Е.Еркенов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ҰО» кәсіби даму институтының аға оқытушысы Эртисхан Оморгуль, Ақсу, Ақтоғай, Павлодар ауданының педагогтары, білім беру бөлімінің әдіскерлері, ауданның 60-қа жуық педагогтары қатысты.

Әдістемелік шеберхананың мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру үрдісінде озық тәжірибелерді тарату, шығармашылық ынтымақтастықты дамыту.

          Шеберхана бағдарламасы желілік қоғамдастықтардың көрмесінен бастау алып, пәндер бойынша ұйымдастырылған ашық сабақтармен жалғасты. Бұл сабақтарда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен оқушы белсенділігін арттыру жолдары айқын көрініс тапты.

Шебер сыныптар бірнеше бағытта өз жұмыстарын ұсынды. №1 алаңшада «Тиімді мақсат — табысты сабақ кепілі» тақырыбы аясында сабақ мақсатын нақты қою мен нәтижеге бағытталған оқытудың маңызы қарастырылды. №2 алаңшада «Белсенді сабақ: тиімді әдістер» бағыты бойынша оқытудың заманауи тәсілдері, білімді визуализациялау және тәжірибеде қолдануға болатын тиімді әдістер ұсынылды. №3 алаңшада «Бағалау — оқушының өсу траекториясы» тақырыбы көтеріліп, қалыптастырушы бағалау мен кері байланыстың оқушы дамуына әсері талқыланды. №4 алаңша «Цифрлық сабақ: Инновациядан — нәтижеге» тақырыбымен ерекшеленіп, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, сапалы сабақ құрастырудың заманауи тетіктері және инновациялық әдістер арқылы нәтижеге жету жолдары көрсетілді.

Қорытынды бөлімде педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған маңызды мәселелер қозғалып, тәжірибе алмасу мәдениеті, жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалімнің рөлі және білім беру кеңістігіндегі желілік өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1212641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді