Өртті сөндіру басшыларымен радио ойыны өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Павлодар облысында семинар сабақтары өткізілді. Іс-шара шеңберінде радио-ойын форматында маңызды алаңдарда, саяжай алаптарындағы өрттерді жою кезінде теориялық іс-қимылдар пысықталды. Шартты өрт жоспары экранға шығарылды, соған сәйкес лауазымды тұлғалар радиотелефоншыларға радиобайланыс арқылы жедел ақпарат беру арқылы басқаруды жүзеге асырды. Шартты өрт болған жерде жедел штаб құрылды, ол арқылы күштер мен құралдарды басқару, сондай-ақ бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіру ұйымдастырылды. Радио желісін құру, жағдай күрделене түскен кезде өзара әрекеттесу және шешім қабылдау мәселелері пысықталды.

   Аталмыш сабақтарды өткізу бөлімшелердің төтенше жағдайларға ден қоюға кәсіби даярлығы мен дайындығын арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1212642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді