«Инватакси» қызметі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Инватакси» қызметі келесі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған:
-Қозғалу кезінде қиындық көретіндер;
-Жеке көмекшінің қызметін пайдаланатындар;
-Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдар (2–3 дәрежелі).
Қызметті алу үшін мүгедектік мерзіміне берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ВКК) қолданыстағы қорытындысы болуы қажет.
«Инватакси» қызметін рәсімдеу үшін:
-Жеке куәлік (немесе электрондық құжат);
-Мүгедектікті белгілеу туралы құжат;
-026/у нысанындағы ВКК қорытындысы.
Қызметті пайдалану үшін:
-Тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш беру (өзі немесе заңды өкілі арқылы);
-Сапарға өтінім қалдыру (әдетте, бір күн бұрын);
-Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндері сапар қажет болған жағдайда — кезекші көліктер қарастырылған.
Алдымен қызмет мына санаттарға көрсетіледі:
-Жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі адамдарға;
-Оқушылар мен студенттерге;
-Балабақшаға баратын балаларға (кестеге сәйкес);
-Басқа азаматтарға — өтінімдердің түсуіне қарай кезек тәртібімен.
«Инватакси» қызметіне кіреді:
-Диспетчердің өтінімді қабылдауы;
-Арнайы көлік ұсыну;
-Мінгізу және түсіру кезінде көмек көрсету (қажет болған жағдайда);
-Үйден көлікке дейін алып жүру (еріп жүретін адам болмаған жағдайда);
-Көрсетілген мекенжайға жеткізу (бір еріп жүрушімен бірге).
Ақмола облысында 22-ден астам «Инватакси» көлігі жұмыс істейді:
Көкшетау қ. – «ШАНС» мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ
Державинск қ.- «ТО БІРЛІК» ҚБ
Қосшы қ. – «Аққу» мүгедектер мен қарттарға көмек көрсету орталығы» ҚБ
Степногорск қ. – «Ерлік» мүгедектер қоғамдық бірлестігі
Щучинск қ. – «Бурабай ауданының мүмкіндігі шектеулі тұлғалары» ҚБ
«Амина» мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамы» ҚБ
«Арман-Көкше» ҚБ
Атбасар қ. – «Көмек-А» ҚБ

Бөлім басшысы                                   А.Құдайбергенова

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1212498?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді