
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде қаржы басқармасында 2026 жылы жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін декларациялау мәселелері бойынша кездесу өткізілді, консультацияны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері А. О. Серік өткізді.
Кездесу барысында Табыс пен мүлікті декларациялау мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қатысушыларға 250.00 және 270.00 нысандарын толтыру тәртібі, декларацияны тапсыру міндеті жүктелген адамдардың санаттары, сондай-ақ көрсетілуге жататын мәліметтер тізбесі туралы айтылды.
Декларацияларды тапсыру мерзіміне және салық заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-karzhy/press/news/details/1212497?lang=kk

Жауап қалдыру