
Бүгін Кентау қаласындағы С.Қожанов саябағында Чернобыль апатына 40 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты еске алу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шараға қала әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Жорабеков, мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, ардагерлер, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтар және қала тұрғындары қатысты.
Жиын барысында 1986 жылғы апат салдарын жою жолында ерлік көрсеткен азаматтардың рухына тағзым етіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ, арнайы сөз сөйлеген Бауыржан Шүкірбайұлы ардагерлердің жанқиярлық еңбегі мен ерлігін атап өтті.
Кентау қаласында бүгінде Чернобыль апатының куәгері болған 21 ардагер өмір сүруде. Олардың ерлігі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Шара соңында қаза болған азаматтардың рухына құран бағышталып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1212850?lang=kk

Жауап қалдыру