Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында Алматы Кітапханалары мен «ByArT» көркемдік студиясының ұйымдастыруымен «Гүлденген мегаполис» атты қалалық көрме өтті.

Салтанатты іс-шараға белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет, сондай-ақ, Еуропадан арнайы келген Игор Отченаш, Штепан Франк және София Магариллдің немересі Ариэль Борщевский мен оның отбасы мүшелері – Анастасия Барщевская мен Гуша Джорджи және байқау жеңімпаздары қатысты.

Аталған байқау сәуір айында жарияланып, жұмыстарды қабылдау 23 сәуірде аяқталған болатын. Шығармашылық додаға қаланың 21 мектебінен 109 жұмыс келіп түскен. Жұмыстардың ішінен қаламыздың сұлулығы мен көрікті жерлерін шебер бейнелеген 70 туынды іріктеліп, көрмеге қойылды.

Іс-шара барысында 70-ке жуық мектеп оқушылары арнайы дипломдармен марапатталып, кітаптар табысталды.

«Мен бұл байқауға «Қаламның театрындағы балерина» атты суретімді ұсындым. Маған Алматының зәулім ғимараттары мен ондағы өнер адамдары өте ұнайды, сондықтан осы тақырыпты таңдадым. «Гүлденген мегаполис» байқауына қатысқаныма өте қуаныштымын. Өз жұмысымды мұндай үлкен көрмеден көру мен үшін ерекше мақтаныш болды», – деді байқау жеңімпаздарының бірі, №35 гимназияның оқушысы Адель Рабатова.

«Сендердің суреттеріңнен туған қалаларыңа деген шексіз махаббат көрініп тұр. Мен Алматыға бірінші рет келдім. Маған мұндағы дәстүр мен заманауи нақыштың үйлесімі қатты ұнады. Бұл тіпті 22-ғасырдың қаласы сияқты. Мұнда өзімді үйдегідей сезіндім», – деді жүлделерді табыстаған Игор Отченаш.

Бұл іс-шара балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өскелең ұрпақтың бойында мәдени құндылықтарды қалыптастыруға және өнерді дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-madeniet/press/news/details/1212851?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді