«Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбы аясындағы Қостанай қаласы мектептеріне онкүндік іс-шаралар циклі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгінгі таңда Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының жетекшілігімен
Қостанай қаласы мектептерінің 6-11 сынып оқушылары арасында «Суды
үнемде – болашақты сақта!» тақырыбы аясында су ресурстарын сақтау,
ұтымды пайдалану мәселелеріне арналған ағартушылық іс-шаралар циклі
өтуде.
 
Онкүндік аясында оқушыларға су ресурстарының қазіргі жай-күйі туралы –
еліміз бен әлемдегі жалпы туындап отырған қауіп-қатерлер мен оларды сақтау
бағытында мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар жөнінде жан-
жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, министрліктің қызметі мен су
қауіпсіздігі және экология саласында жүзеге асырылу барысындағы
бағдарламалар таныстырылды. Әр адамның күнделікті өмірде суды үнемдеп,
оған ұқыпты қарауының өзі маңызды мәселе екендігі түсіндірілді.
 
Дәрістер интерактивті форматта өтіп, көрнекілік үшін арнайы әзірленген
бейнематериалдар көрсетілді. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының
қолжетімді орындарында ақпараттық материалдар орналастырылды.
Оқушыларға суды үнемдеуге арналған пайдалы кеңестері бар жадынамалар
мен брошюралар таратылды.
 
Сонымен қатар, инспекция мамандары кәсіби бағдар беру бағытында да
дәрістер жүргізіп, экология мен су ресурстары саласындағы мүмкіндіктер мен
бөлісіп, оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1212852?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді