
Бүгін Кентау қаласында «Жалпыұлттық құндылықтар – ел дамуы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар апталығы» байқауы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында балалар арасында ұлттық ойындар — арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ жарысы өткізіліп, ұлттық тағамдар мен қолөнер көрмесі көпшілікке тарту етілді.
Салт-дәстүрімізді айшықтайтын «Әжелер тағылымы» дәстүрлі көріністер көрсетіліп, ұлттық киімдер сән көрсетілімі өткізілді.
Жалпы шара барысында танымдық сұхбат пен рухани мазмұндағы өнер кеші ұйымдастырылды.
Сахна төрінде ұлттық өнеріміз ұлықталып, күй мен әннен шашу шашылып, салт-дәстүріміз кеңінен насихатталды.
Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, рухани мұраны дәріптеу және ұлт бірлігін нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1212853?lang=kk

Жауап қалдыру