КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласы бойынша жалпы 376 көпқабатты тұрғын үй 67 аулаға біріктірілген. Қала тұрғындарына қолайлы әрі сапалы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында аулаларды абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Аталған жұмыстар аясында 33 ауланың жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы қарастыру үшін бюджеттік өтінім ұсынылған.

Бүгінгі таңда 2026 жылға аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жоба шеңберінде аулаларға заманауи балалар ойын алаңшалары әткеншек, сырғанақ, айналмалы құрылғылар, спорттық алаңдар, шағын футбол алаңы, жаттығу құрылғылары орнатылып, ішкі көшелерге асфальт төселуде.

Сонымен қатар, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау мақсатында орындықтар қойылып, аумақтарды кешенді көріктендіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1212844?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді