Құрметті екібастұздықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – еліміздегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді, халықтар арасындағы достық пен өзара құрметті айшықтайтын айрықша мереке. Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – ұлтаралық татулық пен тұрақтылық екені баршамызға мәлім. Осы құндылықтарды сақтау мен нығайту – баршамызға ортақ міндет.

Екібастұз қаласы – көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағы жарасқан, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан өңір. Біз бірлесе отырып, қаламыздың өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береміз.

Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Елімізде әрдайым тыныштық пен тұрақтылық сақталып, бірлігіміз бен ынтымағымыз нығая берсін!

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1212843?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді