
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Кентау қаласының кіреберіс аумағында 2026 жылдың ақпан айында тұқым қорын қалыптастыру мақсатында 5000 түп жас көшет отырғызылды. Оның ішінде 2500 түп қарағаш және 2500 түп үйеңкі көшеттері бар.
Бүгінде отырғызылған көшеттерге толық көлемде күтім жасалуда. Атап айтқанда, суару және қоршау жұмыстарымен қамтамасыз етілген.
Мекеменің арнайы агроном маманының бақылауымен вегетациялық кезеңде тал көшеттерінің арықтары тазаланып, түптері қопсытылып, арам шөптерден тазартылуда. Сонымен қатар, ағаштардың өсуіне кедергі келтіретін бұтақтары қырқылып, қажетті дәрумендермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, Кентау қаласы аумағында ағаш отырғызу мен көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1212861?lang=kk

Жауап қалдыру