КЕНТАУДА ДЗЮДОДАН ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласында 2009–2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, профессор Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлының құрметіне арналған ІХ республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, сондай-ақ сала ардагерлері мен спорт жанашырлары қатысты.

Сонымен қатар, жарысқа Шымкент қаласынан, Қызылорда, Тараз қалаларынан және Түркістан облысының қала-аудандарынан келген жас спортшылар бақ сынауда.

Аталған турнирдің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дзюдо спортын дамыту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Айта кетейік, республикалық турнир 3 күнге жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1212860?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді