
Қала әкімі Жандос Тасов Хантағы ауылына жұмыс сапары барысында бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралады.
Ауылдағы аудандық маңызы бар Хантағы–Қаратау бағыты бойындағы көпірге реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ұзындығы 54,2 метр, ені 6 метр болатын көпір салынып, 200 метр жол жабыны жаңартылады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы қарастырылып, көше жарықтандыру жүйесі орнатылады.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Нысан 2027 жылға өтпелі жоба ретінде жоспарланған.
Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауыл көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Өткен жылы Торлан көшесі толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Биыл Назаров, Қаратау және Иманов көшелерінде жұмыстар басталып, қазіргі таңда жол негіздері дайындалуда. Аталған нысандарды шілде айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қала әкімі жұмыс барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуына ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1212859?lang=kk

Жауап қалдыру