ХАНТАҒЫДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс сапары барысында қала әкімі жергілікті кәсіпкер Жалғас Абдрамановтың шаруашылығымен танысты.

Қазіргі таңда кәсіпкер 50 бас жылқы бордақылаумен айналысады. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, қосымша 100 бас ірі қара бордақылауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар болашақта сиыр, бұқа және қой сатып алу арқылы мал басын көбейтіп, мал сою цехын ашу жоспарда бар. Бұл өз кезегінде ауылда жаңа жұмыс орындарын ашуға және ет өнімдерін өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Қала әкімі кәсіпкерлік бастамалардың ауыл экономикасын дамытудағы маңызына тоқталып, мұндай жобаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру басты бағыттардың бірі екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1212858?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді