
Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай қаласының әкімдігі және облыстық әділет департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған ауқымды «Халық заңгері» акциясы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен ашық диалог арқылы нақты құқықтық көмек көрсету. Акцияның ерекшелігі – оның ашық форматында: бір алаңда тұрғындар әртүрлі мәселелер бойынша кешенді кеңес алып, түрлі мекемелерге жеке-жеке жүгінбей-ақ өз сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының және кәсіби заңгерлік қауымдастықтың 289 өкілі қатысты. Акция барысында облыс бойынша 522-ден астам азамат кеңес алып, әрқайсысына білікті құқықтық көмек көрсетілді.
Осындай іс-шаралар облыстың барлық өңірлерінде бір мезгілде ұйымдастырылып, халықты кеңінен қамтуға мүмкіндік берді.
«Халық заңгері» акциясы өңірде жүргізіліп жатқан жүйелі профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Жыл басынан бері 108 іс-шара өткізіліп, 88 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 56 түсіндіру-профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Қабылданған шаралар нақты нәтижелер беруде: қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейі 18%-ға, жасөспірімдер қылмысы 30%-ға, қайталама қылмыс 38%-ға төмендеді. Сонымен қатар, қоғамдық орындардағы қылмыстар 16%-ға, алкогольдік масаң күйде жасалған құқық бұзушылықтар 14%-ға, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар 33%-ға азайды.
Облыс прокуратурасында мұндай акциялардың өткізілуі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.
«Халық заңгері» акциясын өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алудағы кешенді тәсілдің тиімділігін және қоғамның құқықтық мәдениетін одан әрі дамытудағы маңызын дәлелдейді.
Қостанай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1212857?lang=kk

Жауап қалдыру