
Көкшетау қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Жастар Рухы” жастар қанатының, “Есбол Қоры” фронт-офисінің өкілдерімен, “Арна” колледжінің еріктілерімен және есірткімен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, қалалық ортаның қауіпсіздігін арттыруға және абаттандыруға бағытталған есірткіге қарсы акция өткізді.
Іс-шара “Заң және тәртіп” қағидатын, “Таза Қазақстан” республикалық бастамасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Акция барысында қатысушылар Ерғалиев көшесіндегі аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Еріктілер жол бойындағы учаскені тұрмыстық қоқыстардан тазартты, осылайша ауданның сыртқы келбетін жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасады.
Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “есірткі салу” үшін пайдаланылуы мүмкін орындарды тексерді. Бұған осы аудан тұрғындарынан бұрын келіп түскен өтініштер себеп болды. Тексеру қорытындысы бойынша тыйым салынған заттар мен басқа да заңсыз заттар табылған жоқ.
Профилактикалық жұмыс шеңберінде есірткі дүкендерінің заңсыз жарнамасы бар үш жазба да жойылды. Сонымен қатар, белсенді тұрғындармен әңгіме жүргізіліп, ЕҚҚІҚБ сенім телефондары мен бейінді бөлімшенің ресми парақтары туралы ақпарат берілді.
Ұйымдастырушылар мұндай акциялар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ жастарды әлеуметтік маңызды қызметке тартуға ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1212827?lang=kk

Жауап қалдыру