Қостанай қаласы ТЖБ қызметкерлері Бірлік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 сәуір күні Қостанай қаласы ТЖБ гарнизонының қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы-на барды. Іс-шара аясында бас сарапшы Айбек Танатбаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экскурсия өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлерге еліміздің полиэтникалық қоғамындағы бейбітшілік, бірлік және қоғамдық келісімді сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ Ассамблеяның ұлтаралық қатынастарды нығайтудағы және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.

Алдағы мереке құрметіне облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ТЖБ басшылығына Ассамблеяның 30 жылдығына орай шығарылған естелік кітапты табыс етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1212826?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді