
Атырауда ұлы күйші Рыспай Ғабдиевтің 90 жылдығына арналған «Күй қағаны» ІІІ республикалық ерлер арасындағы домбырашылар конкурсы өтті.
30 қатысушының ішінен 11 өнерпаз үш кезеңнен өтіп, жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдені Н. Нажекенов пен Д. Құдайбергенов жеңіп алды.
Шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1212767?lang=kk

Жауап қалдыру