
Ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимаратында «Күй – құдірет, күй – кие» тақырыбында жас күйшілер арасында байқауы өткізілді. Бұл байқау – тек сайыс емес, бұл — жүрекпен тілдесудің, өнермен ұғынысудың сәті. Домбырадан төгілген күй – халқымыздың тарихы, арманы, мұңы мен қуанышы. Күй – бабамнан қалған қасиетті мұра, күй – халқымның жүрегінің жыр-дастаны.
Байқауда Жаңатас қалалық өнер мектебі, Саудакент саз мектебі, Ы.Дүкенұлы атындағы балалар саз мектебі, Тоғызкент, Жайылма, Игілік, Жаңаарық ауылдық округтерінен жалпы саны 31 қатысушы бақ сынасты. Күй байқауы 2 кезеңнен өткізілді. 1 кезең – «Шебер саусақ» кезеңі. Бұл кезеңде күйшілер кез келген дәстүрлі күйлерді өз таңдауы бойынша орындады. 2 кезең – «Күй тарланы» кезеңінде заманауи эстарадалық күйлер тартылды.
Байқауға «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Пірімбек, Жаңатас қалалық өнер мектебінің домбыра класының мұғалімі, Ғ.Тулешов, «Қазақстан авторлары» қауымдастығының мүшесі, күйші-домбырашы, Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің ұстазы О. Махамбетов қазылық етті. Қазылар шешімімен ерекше дарынымен көзге түскен А.Айтбай бас жүлдені жеңіп алса, М.Нарбай І орын иеленді. Мектепберген Айару, Сәрсен Нұрислам ІІ орын, Е.Тілеуқара, А.Баянды, Д.Пернебай ІІІ орындарға ие болды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға Алғыс хаттар, естелік сыйлықтар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1212539?lang=kk

Жауап қалдыру