«ЖАҢАҚОРҒАН, СЫРДАРИЯ АУДАНДАРЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ ЖОСПАРЛАНУЫ МЕН АТҚАРЫЛУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
          🔸Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Жаңақорған, Сырдария аудандарының 2025 жылға аудандық бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшелері баяндама жасап, бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуы мәселелері жан-жақты қаралып, талқыланды.
          🔸Отырысқа Жаңақорған, Сырдария аудандары әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық бөлімі басшылары қатысты.
          🔸Комиссия мүшесі С.Қ.Қармыс баяндама барысында Жаңақорған ауданында мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан барлығы 10 640 075,2 мың теңге болатын 17 бірлік бұзушылық анықталған, оның ішінде 2 бірлік бюджет түсімдері бойынша 13002,2 мың теңгенің қаржылық бұзушылығы, 10618077,5 мың теңгенің 1 бірлік тиімсіз пайдалану, 8995,5 мың теңгеге 1 бірлік ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда, 13 бірлік рәсімдік сипаты бойынша бұзушылықтар анықталғандығына тоқталды.
          🔸Сырдария ауданы бойынша аудит объектісінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан 13 бірлік бұзушылықтар анықталған, оның ішінде 1 бірлік бюджет түсімдері бойынша, 1 бірлік бюджет шығыстары бойынша қаржылық бұзушылық, 2917921,8 мың теңгеге 1 бірлік тиімсіз пайдалану, 10 бірлік рәсімдік сипаты бойынша бұзушылықтар анықталғандығын баяндады.
          🔸Отырыс барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н. Р. Қордабай мен комиссия мүшелері көтерген бірқатар сауалдарға аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ аудандық бөлімдерінің басшылары жауап берді. Жиынның қорытындысы негізінде тексеру комиссиясы тиісті қаулылар қабылдап, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын іс-шараларды орындау үшін тиісті ұсынымдар жолдайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1212540?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді