Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдірілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Негізгі мақсат – адамның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту қызметтерінің сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.

Бұл бағытта Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын оңалту техникалық құралдарының құнын өтеу ретінде берілетін кепілдендірілген соманы есептеу әдістемесі қайта қаралуда.

Жаңа Әдістемеге сәйкес, кепілдендірілген сома Әлеуметтік қызметтер порталының және электрондық дүкеннің деректерін ескере отырып есептеледі.

Осыған байланысты кепілдендірілген сома цифрлық платформалардан алынған нақты нарықтық деректер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады.

Күтілетін негізгі нәтижелер:

  • оңалту техникалық құралдардың құнын қалыптастыру үдерісін толық цифрландыру;
  • адами фактор мен субъективтілікті болдырмау;
  • әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • бюджет қаражатын тиімді пайдалану.

Үнемделген қаражат заманауи, технологиялық әрі сапалы оңалту құралдарын енгізуге бағытталмақ.

Жаңа тәсілдер Әлеуметтік қорғау саласын дамыту жөніндегі ұлттық ғылыми орталығы арқылы іске асырылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1212579?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді