
2026 жылғы 30 сәуірден бастап Қостанай облысында білім алушылардың білім деңгейін мониторингтеу басталды.
Бұл мониторинг – оқушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған отандық зерттеу құралы. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, оқу-тәрбие процесіндегі жетілдіруді қажет ететін тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Мониторингтің түпкі нәтижесі – білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеуге орта білім беру ұйымдарының 4 және 9-сынып оқушылары қатысады. Тестілеу компьютерлік форматта өткізіледі және келесі бағыттар бойынша функционалдық сауаттылықты бағалауға бағытталған:
* оқу сауаттылығы
* математикалық сауаттылық
* жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1212582?lang=kk

Жауап қалдыру