Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға тиісті облыстық басқарма басшылары, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев, «Отбасы банкінің» өкілдері қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар жер телімдерін рәсімдеуге, тарихи-әдеби мұраларды насихаттауға байланысты мәселелерді көтерді. Абай кітапханасының директоры Мерей Қарт өңірдің руханиятына, кітап оқу мәдениетіне қатысты ұсыныс-пікірлерін айтты.

Аймақ басшысы қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшыларына, қала әкіміне нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1212695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді