Тәртіп мектептен басталады: Жетісу облысында оқушылардың құқықтық сауаттылығы тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында маңызды қадам жасалды. Талдықорған қаласындағы №28 мектепте заң негіздері, қоғамдық тәртіп және жол қозғалысы ережелері бойынша онлайн-тестілеу өтті.

Оқушылар арнайы QR-код арқылы өтіп, жоба аясындағы тексеруге қатысты. Мұндай заманауи формат көп оқушыны қамтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оқу үдерісін қолжетімді әрі интерактивті етті.

Іс-шара барысында қатысушылар алдында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Аида Бельгибаева сөз сөйледі. Ол өз сөзінде құқықтық тәрбиенің ерте жастан басталуының маңызын атап өтіп, заңды сақтау – міндет емес, қауіпсіз қоғамның негізі екенін жеткізді.

Тестілеуден кейін оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізілді: полиция қызметкерлері заңнама талаптарын жан-жақты түсіндіріп, жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды талдап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мұндай ашық диалог балалардың білімін бекітіп, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1212696?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді