Өңірлік экологиялық саммиттың нәтижесі бойынша марапаттау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде маңызды халықаралық іс – шара – өңірлік экологиялық саммит өткізуге белсенді қатысқан министрлік қызметкерлерін марапаттау салтанатты іс-шара өтті.

Министр өзінің салтанатты сөзінде атап өткендей, ортақ күш – жігердің арқасында ірі халықаралық іс-шара-өңірлік экологиялық Саммит өткізілді.

Министрліктің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері министр атынан алғыс хаттар алды.

Естеріңізге сала кетейік, Саммитке 8 000-нан астам адам қатысты, шара аясында 58 негізгі сессия ұйымдастырылып, оның ішінде 21 жоғары деңгейдегі сессия және Орталық Азия мемлекеттерінің 4 елдік сессиясы өтті.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» Декларациясының қабылдануы басты саяси қорытындыға айналды.

Сондай-ақ, «RES 2026 EXPO» халықаралық жасыл технологиялар көрмесі өңір елдері мен серіктестердің басын қоса отырып, үлкен ылтипатқа ие болған шара.

120 павильонда әлемнің 30 елінен 247 компания өз жетістіктерін ұсынып, 20 000-ға жуық қонақ қатысты.

Саммит халықаралық сарапшылар, қатысушылар, сөз сөйлеушілер және көрмеге келушілер тапарынан оң пікірге ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1212428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді