Тараз қаласындағы «Көне Тараз – ел бірлігі мен басқару дәстүрінің бесігі» тақырыбындағы өңірлік семинар-кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандыков Тараз қаласында өткен «Көне Тараз – ел бірлігі мен басқару дәстүрінің бесігі» тақырыбындағы өңірлік семинар-кеңеске қатысты. Іс-шара барысында еліміздің әр өңірінен келген мәслихат төрағалары өзара тәжірибе алмасып, жергілікті басқару мен өңірлік дамудың өзекті мәселелерін талқылады.

Семинар қорытындысы кәсіби диалогты нығайтып, жаңа бастамаларды іске асыруға серпін берді. Сапар аясында қатысушылар Тараз қаласының тарихи-мәдени нысандарымен танысып, «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестиваліне қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1212429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді