
2026 жылғы 27–28 сәуірде Семей қаласы мәслихаты аппаратының бас маман-бухгалтері Лаура Мусина Өскемен қаласында өткен біліктілікті арттыру семинарына қатысты.
Семинар бағдарламасы жаңа Бюджеттік кодекстің негізгі өзгерістерін, бюджетті жоспарлау қағидаларын, бюджеттік сұранымды жасау және ұсыну тәртібін, бюджеттік бағдарлама паспортын, бюджетаралық қатынастарды және бюджеттік мониторингті қамтыды.
Оқу қорытындысы бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы белгіленген үлгідегі сертификат табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1212570?lang=kk

Жауап қалдыру