
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде аудандық мәслихаттың төрағасы Н.С. Болатовтың төрағалығымен Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Ұзынкөл ауданының әкімі М.К. Жұрқабаев, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Р. С. Досаев, Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Сессияда барлығы 5 мәселе қаралды.
Күн тәртібінде негізгі мәселе 2025 жылға арналған аудан, ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы мәселесі бойынша Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары, Федоров ауылдық округінің әкімі сөз сөйледі. Баяндамашылар өз сөзінде 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы және есепті кезеңге арналған бюджет қаражатының бос қалдығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сессия қатысушыларына аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері туралы ақпараты бар слайдтар ұсынылды. Көптеген сұрақтарға тиісті түсініктемелер алынды.
Ұзынкөл ауданы бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі хабардар етті, ол соңында бюджет қаражатын сапалы және уақтылы игеру жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.
Отырыс барысында Ұзынкөл ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу, әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары және аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы мәселелер қаралды.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1212571?lang=kk

Жауап қалдыру