
30 сәуір күні Жетісу ауданында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалы директоры Айнұр Идрисовамен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Академияға түсу талаптары, құжат тапсыру тәртібі, білім беру бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Іс-шара мемлекеттік қызмет саласында білім алуға қызығушылық танытқан мемлекеттік қызметшілер үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/1212572?lang=kk

Жауап қалдыру