Петропавл тұрғынынан жарты келіге жуық гашиш тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер есірткі сату күдігімен 57 жастағы петропавлдықты ұстады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ер адам тыйым салынған заттарды «қолдан қолға» өткізіп келген.

Ұстау кезінде одан гашиш салынған 3 түйіншек тәркіленді. Тұрғылықты жерін тінту барысында сатуға дайындалған қосымша есірткі партиялары, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған қолдан жасалған құралдар табылды. Тәркіленген гашиштің жалпы салмағы 463 грамнан асты.

Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ұсталған азамат каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткілік мас күйде болған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 96 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Заңсыз айналымнан шамамен 12 килограмм есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 7,5 килограмы — синтетикалық. Есірткінің таралу арналарының жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1212517?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді