
Құрметті қала тұрғындары мен қадірлі қонақтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жарқын мереке – татулық пен тұрақтылықтың, достық пен өзара түсіністіктің символы. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір шаңырақ астында біріктірген еліміз үшін бұл күннің маңызы ерекше. Бірлік пен келісім – тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі.
Қаламыздың өсіп-өркендеуі, оның дамуы мен көркеюі – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Сіздердің ынтымақтарыңыз бен бірліктеріңіздің арқасында біз алға нық қадам басып келеміз.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық пен шаттық тілейміз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім орнасын!
Ізгі тілекпен,
Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1212511?lang=kk

Жауап қалдыру