«Қосымша білім берудің үздік педагогі – 2026» облыстық байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№31 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында 2026 жылғы 29 сәуірде «Қосымша білім берудің үздік педагогі – 2026» облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Педагог мәртебесін арттыру және қосымша білім берудегі педагогтердің кәсіби шеберлігін айқындау, кәсіби қызметте биік жетістіктерге жеткен, қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтап, тарату.

Байқауға облыстың қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Байқау 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең – аудандық (қалалық), 2 кезең – облыстық. Облыстық кезең 2 бөлімнен: «Менің сабағым» сабақтан үзінді және «Шеберлік сыныбы» әр қатысушының өзі таңдаған тақырыптағы шеберлік сабақ.

Байқау комиссиясы қорытынды шығарып қосымша білім берудің музыкалық, көркем – эстетикалық, хореографиялық, көркем бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер және ғылыми-техникалық, өнертапқыштық, робототехника бағыттары бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Бас жүлде Оразимамова Г.Д.- «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы  Өскемен бірлестігі» КМҚК қосымша білім беру педагогі;          

I орын Павлов Д.Е. – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№1 балалар музыкалық мектебі» КМҚК саксофон сыныбының оқытушысы, Алифанов В. И.- ШҚО ББ Шемонаиха ауданы ББ «Өскемен-Таловка БӨМ» КМҚК театр бөлімінің оқытушысы;

II орын Қайрат Тимур – ШҚО ББ Үлен Нарын ауданы бойынша ББ «Балалар музыка мектебі» КМҚК вокал сыныбының оқытушысы, Сиренко Е. В. – ШҚО ББ Өскемен қ. ББ «№1 Балалар музыка мектебі» КМҚК хореография сыныбының оқытушысы.

III орын Акашова Ш. Б. – ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК қосымша білім беру педагогі, Журавлева Л. А.- ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша ББ «Өнер мектебі» КМҚК бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, Курманова. Ш. Б. – ШҚО ББ Үлкен Нарын ауданы бойынша ББ «Шығармашылық үйі» КМҚК «Театр+Englisch» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі.

Сондай-ақ «Ізденімпаз педагог», «Шығармашыл педагог» және «Шебер педагог», «Эрудит педагог», «Білікті оқытушы»,Жаңашыл оқытушы» аталымдары берілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1212474?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді