
2026 жылдың 29 сәуір күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшы орынбасары А. Беккалиева мен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы М. Утеналиевпен Азаматтарға арналған Үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту, практикалық көмек көрсету мақсатында әдістемелік – техникалық оқыту жүргізілді. Әдістемелік – техникалық оқыту барысында Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар бойынша, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №232 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1212473?lang=kk

Жауап қалдыру