Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Халықты сумен қамтамасыз ету: ауқымды жұмыстың қорытындысы мен жоспарлары
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларды орындау аясында елде қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде кезең-кезеңімен іске асырылатын жоспар әзірленді. Оның шеңберінде іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, сумен жабдықтау нысандарын салу, сондай-ақ суды тазартудың блокты-модульдік станцияларын орнату көзделген, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер, Ұлттық қор, сондай-ақ арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жалпы, тапсырманы іске асыру кезеңінде 835 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, 34 қала мен 756 ауылдық елді мекен сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізді, 699 ауылда жергілікті бюджет есебінен суды тазартудың блокты-модульдік станциялары орнатылды.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы тапсырмасының мақсатты көрсеткіші толық орындалып, елдегі барлық елді мекендер сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылды. Атап айтқанда, 90 қала мен 6 075 ауылдық елді мекен (халқы 7,5 млн адам) толық қамтылған.
Соның ішінде 4 725 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріне қосылған (ауыл халқының 96%-ы қамтылған); 1 350 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етілген (ауыл халқының 4%-ы), оның ішінде: 1 103 ауылда блокты-модульдік тазарту станциялары орнатылған (ауыл халқының 3,6%-ы қамтылған); 233 шағын ауылда сумен жабдықтау жеке ұңғымалар арқылы жүзеге асырылады; 14 ауылда шалғай орналасуына және су көздерінің болмауына байланысты су тасымалдау арқылы жеткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1212472?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді