Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының  5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 18 мамырдан 27 маусымға дейінгі кезеңде «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік орган қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің қызметіне сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда 8(7212) 21 32 06 телефоны бойынша немесе krg.gask@akimat09.kz электрондық мекенжайға хабарласуды ұсынамыз.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-gask/press/news/details/1212659?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді