
Құрметті Саран қаласының тұрғындары!
Халық қатысатын бюджетті іске асыру шеңберінде Сараптамалық кеңес талқылауға ұсынылған алты жобалық ұсыныстың біріне берілген даусыңыздың қорытындысын шығарды.
Бес жоба 2027 жылы іске асырылады, өйткені олар рұқсат етілген дауыс санын жинады.
1.1А шағынауданы, № 16-19 үйлер мекенжайындағы спорт алаңын абаттандыру (кортты қалпына келтіру)
2.Горняк шағынауданы, № 126-128 үйлер мекенжайындағы заманауи көпфункционалды спорт алаңын абаттандыру (баскетбол ойынына конструкция орната отырып, футбол алаңын қалпына келтіру)
3.Горняк шағынауданы, № 165-169 үйлер мекенжайындағы көпфункционалды спорт және балалар алаңын абаттандыру
4.Жеңіс көшесі № 23-24 үй мекенжайындағы көпфункционалды спорт және балалар алаңын абаттандыру
5.Горняк шағынауданындағы (Бартерный дүкенінің жанында) саябақты абаттандыру
“1А шағынауданы, № 14 үй мекенжайындағы балалар алаңын абаттандыру” жобасы рұқсат етілген дауыс санын жинаған жоқ.
Авторларға идеялары мен қаланы абаттандыруға бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-saran/press/news/details/1212765?lang=kk

Жауап қалдыру