Ұлттық кітапхана қоры XIX ғасыр қолжазбаларымен толықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VII отырысы өтті. Жиын ұлттық қолжазба мұрасын сақтау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу мәселелеріне арналды.

Отырыс барысында қолжазбатану саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, ғылыми баяндамалар тыңдалды. Әсіресе Жошы ұлысы дәуіріндегі жазба мұралардың мазмұндық және құрылымдық сипатына, сирек қолжазбалардың ғылыми құндылығына айрықша назар аударылды.

Сонымен қатар, Ұлттық кітапхана қоры Ханқожа ишанның мөрі басылған, бүктеме қағаз түріндегі екі қолжазбамен толықты. Құжаттар XIX ғасырдың екінші жартысына тиесілі.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1212800?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді