
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Маида» медиация және психология орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерін қабылдады.
Кездесуге бірлестік директоры Салтанат
Абдукаримова және кәсіби медиатор Ақмарал Аширова қатысты.
Тараптар медиация саласын дамыту және даулы мәселелердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды талқылады.
Кездесу соңында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1212794?lang=kk

Жауап қалдыру