Құтқару жолындағы бірлік: құтқарушылар қызметі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде әртүрлі ұлт өкілдері қызмет атқарады. Ұжымның этникалық және мәдени алуан түрлілігіне қарамастан, барлық қызметкерлерді біріктіретін ортақ мақсат бар — адам өмірін сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет ету.

Департаменттегі көпұлтты құрам — өзара құрмет, сенім және жоғары кәсіби жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Мұнда әрбір қызметкер ұлтына қарамастан, ортақ іске адал қызмет етіп, бір мақсат жолында жұмыла жұмыс істейді. Қиын сәтте олардың барлығын біріктіретін басты күш — бірлік пен командалық рух.

Қызметкерлердің пікірінше, құтқару саласында ең маңыздысы — өзара түсіністік пен бір-біріне деген сенім. «Біздің жұмысымызда ұлтқа бөліну жоқ, тек ортақ мақсат бар. Біз әрдайым бір-бірімізге сүйеніп, бір команда болып әрекет етеміз», — дейді  Әмір Гулиев.

 

«Шақырту кезінде ең бастысы — жылдамдық пен әріптеске деген сенім. Біз бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз», — деп атап өтті Тимур Каюпов.

Осылайша, Шымкент қаласы ТЖД ұжымының басты құндылығы — бірлік пен өзара құрмет. Бұл қағидаттар құтқарушылардың кәсіби қызметінің негізін құрап, кез келген жағдайда тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді. Ұлтқа бөлінбейтін ортақ мақсат — адам өмірін құтқару — бұл ұжымды одан әрі біріктіріп, олардың қызметін ерекше мағыналы етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1212756?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді