САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰНЫ 1 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінде орналасқан индустриялық аймақта «Альбарака 077» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өсімдік майын өндіру зауыты салтанатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, ауыл ақсақалдарымен бірге нысанның лентасын қиды. Кәсіпорын жұмысын ресми түрде бастады.
Аталған жобаның жалпы инвестициялық құны 1 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың іске қосылуы нәтижесінде 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізеді. Кәсіпорынға индустриялық аймақ аумағынан жалпы көлемі 3 гектар жер телімі бөлінген. Өндіріс орнында заманауи технологиялық жабдықтар орнатылып, тәулігіне 50 тонна өсімдік майы және 65 тонна мал азығын өндіру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл көрсеткіштер өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласының дамуына да серпін береді.
Кәсіпорын басшысы Абдулбосид Мамадалиев зауыттың өндірістік үдерісімен таныстырып, алдағы уақытта дайын өнімді Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттеріне экспорттау жоспарланып отырғанын жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1212793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді