
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің аппараты, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, оларды тиімді шешу жолдары сараланды. Жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
Алғашқы мәселе бойынша аудандағы құрылыс нысандарының қазіргі жай-күйі, сондай-ақ заңсыз салынған құрылыстарды анықтау және оларды ретке келтіру жұмыстары туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерғали Қосмұратов баяндама жасады. Ол өз сөзінде жүргізіліп жатқан бақылау және реттеу шараларына тоқталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында су арналарының жай-күйі қаралды. Атап айтқанда, арықтар мен каналдарды тазалау, су көздері маңындағы заңсыз нысандарды анықтау және жою, сондай-ақ жаз мезгілінде туындайтын ағын су тапшылығының алдын алу шаралары туралы «Су шаруашылығы» мекемесінің директоры Ербол Алтынбаев баяндады.
Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңге дайындық деңгейі де назардан тыс қалған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар, оның ішінде минералды жолақтардың әзірлігі мен алдын алу шаралары жөнінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің бас инспекторы Мейіржан Әскер есеп берді.
Мәжілісте берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы да қаралып, бұл туралы аталған бөлімшенің бас инспекторы Жасұлан Әбдімәлік баяндама жасады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев:
— Әрбір сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар нақты нәтиже беруі тиіс. Өзекті мәселелерді дер кезінде шешу үшін жауапты басшылардың үйлесімді әрі жүйелі жұмыс істеуі маңызды. Тапсырмалардың орындалу сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударылып, бақылау күшейтіледі, — деп атап өтті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар хаттамаға енгізіліді. Соынмен қатар, сала басшыларына бірқатар мәселелер бойынша қосымша зерделеу жұмыстарын жүргізу және нақты іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс атқару міндеттелді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1212785?lang=kk

Жауап қалдыру