
Сарыағаш ауданында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай «Спорт – денсаулық кепілі!» ұранымен аудандық бұқаралық жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық шараға 300-ден астам аудан тұрғыны қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді үлес қосты.
«Спорт – денсаулық кепілі!» ұранымен республика көлемінде өткізілген марафон аудан тұрғындары мен түрлі қоғамдық ұйым өкілдерін бір мақсатқа жұмылдырды. Жүгіру бағыты Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданында өтіп, жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрады.
Аталған іс-шараға спортсүйер азаматтар, белсенді жастар мен әртүрлі жас санатындағы тұрғындар қатысты. Марафонға 18 жастан 60 жасқа дейінгі қатысушылар қамтылып, бұқаралық спортты дамытуға кеңінен мүмкіндік жасалды. Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың ресми ашылу рәсімін бастап берді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1212769?lang=kk

Жауап қалдыру