
Аудандық мәслихатының төрағасы, депутаттары және аппарат қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын белсенді түрде қолдауда.
Бүгін аудандық мәслихат депутаты Э. Темирбаева аталған жалпыұлттық акция аясында Тұғыл ауылында 3000 түп ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына қатысты.
Депутаттар бұл бастамаға белсенді атсалысып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған экологиялық шаралардың маңыздылығын көрсетіп, көпшілікке үлгі болуда. Аталған акция қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етіп, азаматтар арасында бірлік пен жауапкершілік сезімін нығайтады.
Өз сөзінде Э. Темирбаева:
«Ауылымыздың барлық тұрғындарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға шақырамын. Біздің алдымызда атқарар жұмыс көп. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ауданымыз бен ауылымыздың дамуына оң әсер ететін нақты нәтижелерге қол жеткіземіз», – деп атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1212604?lang=kk

Жауап қалдыру