Болашақ мамандармен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттерімен кездесу өткізді. Жиын аясында қауіпті өндірістік нысандардағы оқыс оқиғаларды болдырмаудың тиімді жолдары мен профилактикалық шаралардың маңыздылығы талқыланды. Шараның мақсаты – өңірдегі өндірістік нысандардың қауіпсіздігін сақтауға қабілетті, жоғары білікті кадрларды даярлау және жас мамандардың жауапкершілігін арттыру. Кездесу барысында студенттер өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің практикалық негіздері бойынша білікті мамандардан кеңес алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1212605?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді