Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында Жетісай ауданында инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі, қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бұл бағытта арнайы индустриялды аймақ құрылып, өндірістік парк ашу ісі қолға алынған.
Биыл аудан әкімдігі тарапынан әлеуетті жобаларды іске асыруға ынталы инвесторларымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде бүгінде индустриялды аймақта жалпы құны 31,2 млрд теңгені құрайтын 9 жобаны, өндірістік паркте құны 210 млн теңгені құрайтын 5 өндіріс орындарын іске қосу арқылы 1200-ге жуық тұрғынды тұрақты жұмыспен қамту көзделген.
Жуырда аудан әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтіп, күн тәртібінде осы жылы іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған жобалардың өзекті мәселелері сөз болды.
Офлайн және онлайн форматында өткен жиында тараптар аудан аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалардың негізгі бағыттарына тоқталып, оларды іске асыру мүмкіндіктері мен кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстарды жан-жақты талқылады.
Инвестиция тарту – өңірдің тұрақты дамуының негізгі бағыттарының бірі екенін айтқан аудан басшысы ұсынылған жобаларды жүзеге асыруға қажетті барлық қолдауларды көрсетуді сала басшыларына жүктеді.
Жауап қалдыру