Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰҚЫМБАҚТА 5 000 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Кентау қаласының кіреберіс аумағындағы «Тәлімбақта» ақпан айында тұқым қорын қалыптастыру мақсатында 5 000 түп жас көшет отырғызылған. Оның ішінде, 2 500 түп – қарағаш және 2500 түп – үйеңкі көшеттері. Бүгінде отырғызылған көшеттерге толық көлемде күтім жасалуда. Атап айтқанда, суару және қоршау жұмыстарымен қамтамасыз етілген.
Мекеменің арнайы агроном маманының бақылауымен вегетациялық кезеңде тал көшеттерінің арықтары тазаланып, түптері қопсытылып, арам шөптерден тазартылуда. Сонымен қатар, ағаштардың өсуіне кедергі келтіретін бұтақтары қырқылып, қажетті дәрумендермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, Кентау қаласы аумағында ағаш отырғызу мен көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В ПИТОМНИКЕ ГОРОДА КЕНТАУ ВЫСАЖЕНО 5 000 САЖЕНЦЕВ
Согласно поручению акима области, в рамках программы “Таза Қазақстан” на территории подъезда города Кентау в феврале в целях формирования семенного фонда высажено 5 000 саженцев. Из них 2 500 саженцев вяза и 2 500 саженцев клена. Сегодня саженцы обеспечиваются поливом и ограждением.
Под наблюдением агронома учреждения в вегетационный период очищаются канавы саженцев ивы, рыхляются днища и очищаются от сорной травы. Кроме того, проводится работа по обеспечению необходимыми витаминами и обрезке лишних ветвей. В целом, на территории города Кентау систематически осуществляются работы по посадке и озеленению деревьев.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1212489?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді